Түркістан облысының құтқарушылары әжетхана шұңқырына құлап кеткен баланы құтқарды.
2022 жылдың 12 мамырында «112» қызметіне Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік әжетхана шұңқырына 2021 жылғы туылған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды.
Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.
ТЖД ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі