Әлеумет Басты жаңалықтар

Шымкенттік 33 жастағы келіншек – 8 баланың анасы

Гүлмира Юсупованың бұған дейін 5 баласы бар еді. Енді оған үшем қосылып отыр. Шымкенттік 33 жастағы келіншек жақында үшем туып, оларға Айсұлтан, Әлия, София деп ат қойды. Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін шақалақтарымен бірге үйіне сән-салтанатпен шығарып салды.

Үшемді Гүлмира 24-сәуір күні 35 апталық кезінде жасанды тілік арқылы туды. Бұл орайда перзентхананың қабылдау бөлімінің меңгеруші, акушер-гинеколог Роман Тэннің еңбегі орасан. Келіншекті аман-есен босандыру процесі айтуға оңай. Операцияның сәтті өтуі дәрігердің біліктілігіне де байланысты.

Сәбилердің салмақтары 2000-2470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер  салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.

Олар 17 күн бойына перзентхананың дәрігер-неонатологы Кәмшат Амированың бақылауында болды.

Г. Юсупова өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын осындай дәрігерлердің барына қуанатынын айтып, алғысын жеткізді. Шымкентте білікті мамандар аз емес. Сегіз баланың анасы атанған Гүлмира сынды келіншектер көбейе берсе екен.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 10649 сәби дүние есігін ашқан. Оның  5165 қыз,  5484 ұл бала.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *