Басты жаңалықтар Құқық

Шымкентке Ұлттық ұланның қаржыгерлері жиналды


6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшыларының қаржы қызметі бойынша жетекші мамандары шымкентке оқу-әдістемелік жиынға келген. Жиынға құқықтық тәртіп әскерінің 45 әскери қызметшісі қатысуда. Іс-шара әскери бөлімдердегі қаржы қызметтерінің жұмысын пысықтап, атқарылған жұмыстарына қорытынды жасау мақсатында ұйымдастырылды.

Айта кетерлік, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерін қаржыландыру мәселесі 1992 жылы Ішкі әскердің (қазіргі Ұлттық ұланның) құрылған күнінен бастап 30 жыл көлемінде айтарлықтай оң сипат алды.

Мәселен еліміздің қай қаласында болмасын, әр әскери қызметшіге жеке айлық көрсеткішінің, өзіне және отбасы мүшелеріне тағайындалатын пәтер ақысының мемлекет тарапынан төленуі жүйеленіп, уақытылы жүзеге асырылуда. Оған қоса, арнайы құралдар, қару-жарақ, әскери киім үлгісін жаңарту мәселесінде де қаржы қызметкерлері қаражаттың заңды түрде толық қанды бөлінуін баса назарда ұстап тұрады.

Жиын қорытындысы мамыр айының 21-не жоспарлаған.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *