Басты жаңалықтар Біле жүріңіз Мәселе

Шымкент: Қала баласы қайда демалады?


Шымкент қалалық білім басқармасы биылғы жазғы демалыс маусымына жіті мән беруде. Биыл қала мектептерінен 186 634 оқушының жазғы демалысын тиімді өтеді деп жоспарлануда. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 88 пайызын қамтиды.

Балаларды сауықтыру, жетілдіру, үйрету сияқты бос уақытты тиімді өткізу мақсатындағы шараларға биыл қала бюджетінен 300 миллионға жақын қаржы бөлінген. Мұндай демалысқа әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілуде. Осылайша аз қамтылған отбасыдан шыққан  7 241оқушы жазғы лагерьде демалатын болады.

Сонымен бірге , балалар үйіндегі –147 және «Дарын» мектебінен 260 балаға саяжай лагерлерінде тегін демалуға жолдама беріледі. Ал  27 655 оқушының ата-аналары жазғы лагерьге жолдама сатып әперетіндігі анықталып отыр.  

Бұдан бөлек,  130 мектепте сауықтыру бағытында 151 331 оқушыны түрлі үйірмелер және спорт секцияларымен қамту жоспарланған.

«Саяжай лагерлеріне жолдама үшін аз қамтылған отбасы ата-аналары өтініштері  ХҚО және egov порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда.

Жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы, мәдениет саласы 12 000, спорт саласы 14 000 баланы жеке кәсіпкерлер арқылы балалардың қызығушылыға қарай үйірмелерге қамтуда. Бұл жаз бойы жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтарында тегін үйірмелер ашылып, мәдени іс-шаралар өткізілетін болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың тарихи-мәдени орындарына экскурсиялар өткізу жоспарланған» дейді Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *