Басты жаңалықтар Қоғам Мәселе

Сапалы жарық бәріне жетеді

Шымкент қаласында қазір 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекен жарықты жекеменшік жүйеден алады. Биыл сапалы электр қуатымен қамту үшін Шымкентте 9 елді мекеннің ішкі жүйелері мен «Ақжар» 110/35/10 кВ және «Ынтымақ» 110/35/10 кВ қосалқы станцияның құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін «Ақжар» қосалқы станциясы мен 8 елді мекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 17 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.

Осылайша Достық, Батыс, Нұртас, Сәуле-276 орам, Тұран, Солтүстік саяжай, Жаңаталап, Нұртас шағынаудандарына сапалы жарық жетеді. Нәтижесінде сала мамандары қала аумағындағы сапалы электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 97 пайыздан 99 пайызға көтерілетіні айтуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *