Әлеумет Басты жаңалықтар

Жеңімпаздар марапатталды

Биыл елімізде «Балалар жылы» болып жариялануына орай Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен мектеп оқушылары арасындағы түрлі деңгейдегі білім сайысының жеңімпаздарын қолдау шарасы салтанатты жағдайда өтті. Халықаралық, республикалық шығармашылық оқулардың, олимпиадалардың жеңімпаздарына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан марапат табыс етті. 2021-2022 оқу жылында Шымкенттің 500-ден астам оқушысы халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарған.

Айта кету керек, Шымкентте мектеп оқушыларына әлеуметтік қамқорлық көрсету мәселесіне де биыл ерекше назар аударылған. Соның дәлелі болар көптен бері шешілмей келе жатқан ыстық тамақпен қамту мәселесі биыл алғаш рет жүзеге асып отыр. Осылайша қала мектептеріндегі 150 мыңға жуық оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қаладағы 60 мың оқушы арнайы үйірмелерге тегін қатысып жүр. Мұның барлығы да сапалы білім берумен қатар саналы ұрпақ тәрбиелеуге негіз болуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *