Басты жаңалықтар

«Ауыл кеші көңілді…» өтті

Шымкент қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Shymqala» этно саябағында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, өнерімізді өрістеткен «Ауыл кеші көңілді…» атты концерттік іс-шара өтті. Тек ән мен күйден құралмай, халықтық ғұрыптардан көрініс қойылған мәдени іс шарада тұсаукесер, жар-жар, бесікке салу, тойбастар, жоқтау, сыңсу, жарапазан айту үрдістері көрсетілді. Халық аузында жатталған ғұрыптық әндер шырқалды. Іс-шараға Жетісай, Сарыағаш, Арыс, Түлкібас, Созақ және Сайрам аудандарының өнерпаздары мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері де қатысты.

Негізінен Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Театр және шығармашылық» кафедрасының студенттері мен аға оқытушылары белсенділік таныта қатысқан кеш мазмұнды болды. Бұл орайда көпшілік іс-шаралардың білгір маманы атанған Майра Ормолдаева, Ләйлә Жұмабай сынды режиссерлердің еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Фольклортанушылар мен музыка зерттеушілер қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс-салтқа байланысты ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп бөліп қарастыруда. Ғұрыптық әндерге – бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан жатады. Кәсіби ән өнері – халық әндері мен кәсіби халық композиторларының әндері де бұл кештің көркін ашты.

«Ауыл кеші көңілді…» іс-шарасына қатысқан барлық өнерпаздарға қалалық мәдениет басқармасы тарапынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *