Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Шымкенттік спортшылар әлем чемпионатында 23 медаль жеңіп алды

Алматы қаласында экипировкамен және классикалық жатып сығымдаудан барлық жас ерекшеліктері бойынша пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа әлемнің 29 елінен 580-ге жуық спортшы қатысты. Әлем чемпионатында Шымкент қаласынан 20 спортшы бақ сынады.

Бұл жайлы белгілі спорт журналисі Ілияс Жолдас әлеуметтік желідегі өз парақшасында хабарлады.

– Шымкент құрама командасының қоржынында 23 медаль, оның ішінде 15 алтын, 7 күміс , 1 қола медаль бар, — дейді ол.

Құрама сапында мынадай спортшылары жеңімпаз атанды:Шаукатов Данияр 83 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында 1 орын (классика);Акмурзаев Элдор 66 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);Расулов Мансур 83 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);Кувалдин Иван 59 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);Орынбасаров Бақдәулет +120 салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (классика);Аманов Бунед +120 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);Каримова Амина 63 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (классика);Юнусалиева Ширин 69 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (экипировка);Орынбасаров Бақдәулет +120 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (экипировка);Хан Ксения 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);Абдураимова Азиза 84 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);Шамуратов Фуркат 59 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);Юртанова Яна 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка жастар арасында);Каримбеков Руслан 53 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (жастар арасында);Каримова Амина 57 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (экипировка)Осы жеңімпаздарды темір жол вокзалынан қарсы алған қала халқы зор қошемет көрсетті. Жүк көтерушілерімізді баптап жүрген Сергей Рашидов бастаған құрама мүшелерін жеңісімен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *