Басты жаңалықтар Қоғам Құқық

Шымкенттіктер «Қасіретке» жиналды


31 мымыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай, бүгін шымкенттіктер «Қасірет» мемориалды кешенінде бас қосып, сталиндік зобалаңның, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Еске алу қаралы жиынына қала әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Нарымбетов те қатысты.

Өз заманында тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетілді.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов пен зиялы қауым өкілдері «Ана мен бала» ескерткішіне  гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Қаралы митингке жиналғандарға театрландырылған көріністер арқылы қазақ тарихындағы ақтандақ оқиғалардан сыр шерткен қойылым көрсетілді.. Жиналғандар бабалар рухына құран бағыштады.

Еліміз өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, 1993 жылы сәуірдің 14-інде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. 1997 жыл Қазқстанда Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. Сол жылдан бастап 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп белгіленді.

Тарихшылар мен саяси қуғын құрбандарының өмірін зерттеушілер 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшырады деген дерек келтіруде. Олардың 25 мыңы атылды. Қазақ даласында қуғын көргендерді абақтыға жаппай тығудың салдырынан елде 953 лагерь болған. ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері болуының өзі көп рәседен хабар берсе керек-ті.

Қазақстан бүгінге дейін 340 мыңнан астам азаматын ақтап, 146,5 азаматтың есімін «Аза кітабына» енгізді. Бұл кітап 14 том болып жарық көрді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *