Әлеумет Басты жаңалықтар

Тұрғындар қажеттіні өздері таңдайды

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының шымкенттіктер үшін шарапаты мол болып тұр. Былтырғыға қарағанда биыл бұл бюджеттің көлемі 5 есеге артқан. Осылайша бұл қаржыға 148 жоба жүзеге аспақ. Атап айтсақ, Абай ауданында – 32, Әл-Фараби ауданында – 59, Еңбекші ауданында – 37, ал Қаратау ауданында 20 жоба қолға алынған. Жыл біткенше осының бәрі де халықтың игілігіне қолданысқа берілуі керек. Былтыр 55 жоба жүзеге асқан болатын.

Бұйыртса, биыл Әл-Фараби ауданына қарасты «Спорт» шағынауданындағы №9, 24 үйлер мен А.Байтұрсынов көшесіндегі №70, 88, 89, 90, 92 үйлердің аулалары абаттандырылады. Дәл осындай жұмыстар Ә.Диваев көшесіндегі №142, 142б, 144, 140, 144б, 146, Дулати  көшесіндегі № 205, Қазыбек би көшесіндегі №195 «а» үйдің де ауласында жүзеге аспақ. Ақша қарастырылған. «Спорт» шағынауданындағы спорт алаңшасы ескірген №23 және А.Байтұрсынов көшесіндегі №75 «а» үй тұрғындарының да талап-тілегі қабыл болып отыр. Жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінеді. «Отырар» шағын ауданындағы №15, 41, 55 үйлердің ауласына спорт алаңшасы салынады. Осылайша биыл Әл-Фараби ауданында тұратын барша балақай ойын алаңшасымен қматылады деген жоспар бар.

Сөз басында айтқанымыздай, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының пайдасы шымкенттіктерге көп көмегін келтіруде. Жалпы бұл бағдарламаның ерекшелігі — азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөліске салынуына қатысуы. Тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, ұсыныстарына қарай жоба жасалып, сол жобаға бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізінен абаттандыру, аулаларды реттеу, балаларға арналған ойын алаңшасын, спорт алаңын салу. Тұрғындарға ортақ аумақты жөндеу, қоқыс жәшіктерін орнату, реттеу. Осындай игі істерде өз ұсыныстарын жергілікті әкімдікке жеткізуде шымкенттіктер бүгінде белсенді. Олар ортақ қаламыздың көркеюіне осылай үлес қосуда. Жалпы, Әл-Фараби ауданында бұл жұмыстар соңғы екі жылда қарқын алған.

Мұндай игілікті істен қаратаулықтар да құралақан емес. Қаратау ауданы бойынша тұрғындардан былтыр 74 өтініш түскен екен. Оның 69-ы мақұлданған. Ал, дауысқа салғанда тек 20-сы қолдау тапқан. Осы жобалардың 18-і ойын және спорт алаңшасы, ал екеуі — ирригациялық жүйелерді реттеп, арық орнату. Бұл жобалар бойынша құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда.

Жақында Қаратау ауданында 2022-2023 жылдарға «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша сараптамалық кеңестің құрамы қайта бекітілді. Жобаның тиімділігін түсінген тұрғындар тарапынан биыл 58 өтініш түскен. Оның 55-і мақұлданып, дауыс беру қорытындысында 37-сі атқаруға тұрарлық жоба ретінде таңдалған. Жобалаушы мекеме мамандары сметалық құжаттарға кіріскен. Дайын болғанда тұрғандар талап еткен құрылыс жұмыстары басталады. Жоба жүзеге асып, пайдалануға берілгенде халықтың тағы бір қалауы орындалмақ. Тамаша емес пе?! Өз ауламызға керектіні өзіміз таңдап жатырмыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *