Қоғам

Спортшыларға — сый-құрмет

Еркін күрестен Сурдлимпиада Ойындарының жүлдегерлерін қабылдаған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов оларға лайықты сый көрсетті. Күміс жүлдегер Рсалы Сабыржан 2 бөлмелі пәтерге ие болса,  олимпиадада 5 орыннан көрінген Пернеш Шадияр мен қос спортшының жаттықтырушысы Омар Ғалымжан қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Р.Сабыржан мен П.Шадияр Халықаралық спорт шебері. Олар жуырда Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен ХХІV Жазғы Сурдлимпиада Ойындарын жарқырай көрінді.

Спорттың 21 түрін қамтыған бұл олимпиадаға 100 мемлекеттен 3500-ге жуық спортшы қатысқан. Қазақстан Республикасының құрама командасында 65 спортшы болды. Олардың ішінде жерлестеріміз Рсалы Сабыржан мен Шадияр Пернеш те бар. Қазақстандық команда 4 алтын, 7 күміс және 18 қола медальға ие болды.

Қос спортшыны жетістігімен құттықтаған қала басшысы мемлекет тарапынан салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортты белсенді дамытуға барынша қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Қос спортшының жетістігі соның айғағы.

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қаламызда спорттың кез келген түрімен жаттығуға жағдай жасалған. Спорт қолдау тапса, саңлақтар шыңдалып, еліміздің абыройын көтереді. Бүгінде шымкенттіктер өзінің спорттық жетістіктерімен ауыз толтырып мақтана алады. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына сәттілік тілей отырып, Қазақстанның спортын одан әрі биік шыңдарға көтере берулеріңізді тілеймін, — деді М.Дүйсенбекұлы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *