Басты жаңалықтар Қоғам Құқық Мәселе

Әкім қабылдауында 100-ден аса азамат болды

Сәрсенбінің сәтті күнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден аса тұрғын келді. Олардың негізгі мәселесі тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жайында болды. Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған қала басшысы бірқатар мәселенің заң аясында шешілетіндігін түсіндірді.

Әкімнің қабылдауы бұл жолы «Аманат» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өтті. Оған қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары және қала прокуроры Ғ.Мұқанов, Полиция департаментінің басшысы Қ.Дәлбеков және «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева да қатысты.

Саралайтын болсақ, қабылдауға келгендердің 17-сі баспанамен қамту мәселесін айтса, 15 тұрғын жер телімін алуға байланысты өтінішін жеткізді. 10 тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады. Ал, 15 азамат қоғамдық мәселені көтерді. Ол тұрғындарға қажетті жол құрылысы, емхана, мектеп салып беруін сұрағандар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *