Әлеумет Қоғам

Шымкентте қысқа дайындық басталып кетті


Қысқы шананы жазда сайлайтын әдетінен жаңылмаған шымкенттік коммуналды қызмет саласы мамандары жылу беру маусымына қатысты мәселелерді талқылауды бастап та кетті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының алдағы қыс маусымына жылу беру жұмысының дайындық есебін тыңдады.

Қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылдың жұмыстарын қорытындылап, алдағы маусымға дайындығымен бөлісті. Өткен жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында мамандар 79 ақауды анықтаған. Қазір оның 21-і жөнделіп, қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтірілуі керек. Энергетик мамандардың айтуынша, 18 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеу жүргізетін мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады деген жоспар бар. Нәтижесінде тозығы жеткен жылу жүйелерінің саны 35 пайызға төмендейді.

Айта кету керек, қаладағы 15 жылу қазандығының қазір 3-і қысқы маусымға дайын. Қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылыту маусымына дайын тұр. Қалған стансаларды жөндеу жұмыстары жүруде.

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты 1987 тұрғын үйде тексеру, сығымдау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шара жоспары бекітілді. Бүгінге дейін 179 үйдің жылу маусымына дайын екені анықталды. Қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда.

Қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына сақадай сай. Өзге нысандардарда дайындық жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандар бар. Ал, бюджеттік нысандардың арасында қатты отынды (көмір) пайдалану көлемі  4,7 мың тонна. Оны тасымалдаушы мердігер мекеме анықталуда. Сұйық отын қажеттілігі 655 тонна болса, бүгінге дейін оның 8,2 тоннасы тасымалданған. Қалған сұйық отынға қатысты тасымалдаушы мердігер мекеме анықталуда. Қажетті отын 1 қыркүйекке дейін жеткізіліп, бәрі де дайын болатынын айтып сендірді сала мамандары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *