Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Фанаттар марапатталды

 

Естеріңізде болса, жақында ғана «Шымкент жастар лигасы-2022» чемпионаты өтіп, мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға өзіндік үлесін тигізіп жүрген сайыстың жүлдегерлері марапатталған болатын. Жалпы бұл чемпионат биыл екінші жыл өтті. Сол сайыста өз командасына жанкүйер болған жастар аз болмады. Спортшы өрендерге дем беріп, жүлделі орыннан көрінуіне жанкүйерлік еткен «Фан клубтар» өте белсенді жұмыс істеді.

Сейсенбі күні қалада сол «Фан клубтардың» шеруі өтті. Оған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қытысып, белсенділік танытқан командаларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

— «Шымкент жастар лигасы» биыл екінші мәрте өткізіліп, өз мәресіне жетті. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз! Әрине, спорттың 4 түрінен өткен чемпионатқа мектептің барлық оқушысы бірдей қатысып, жеңімпаз бола алмауы мүмкін. Бірақ, әрбір оқушы өз мектебінің командасына жанкүйер болуға құқылы. Іштей тілеулес және белсенді жанкүйерлер бар. Бірақ, қолдаудың ең үлкені — осы белсенді жанкүйерлерге тиесілі. Олар өз командаларына қолдау білдіріп, барын салып, билеп, замандастарына шабыт сыйлап отырды. Келер жылғы чемпионатта қалыптасқан қағиданы бұзып, фан-клубтар арасына жігіттерді қосып, ұлттық нақышта, қазақылықтың иісі аңқып тұратындай командалар жасақталса деген тілек бар, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» чемпионатында қаладағы мектептерден 151 фан-клуб құрылған. Чемпионатқа қатысушы командалар спорттың 4 түрінен сайысқа түскен кезде осы фан клубтар оларға жанкүйер болып отырған. Олардың арасынан Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі мен №99 мектеп-гимназиясының фан клубтары жүлделі 3-орынға ие болды. Ал екінші орын З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің фан-клубына бұйырды. Жүлделі бірінші орын Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының фан-клубына табыс етілді. Циалковский атындағы №84 ЖОМ командасы «Фан клубтар шеруінің» бас жүлдегері атанды. Жеңімпаз фан клуб мүшелерінің әрқайсысына сыйлық берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *