Әлеумет Басты жаңалықтар Қоғам

Бір сөзбен айтқанда…

* Шымкенттегі 34 каналдың 27-сі ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылуда. Ал ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

* Шымкентте Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз, Асар-2 шағын аудан тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жандана түскен. Қазір негізгі құрылыстың 40 пайызы бітті.

* «Visit Shymkent» орталығы мен «Silk Road» ЖШС арасындағы келісім негізінде «Шымкент Плаза» сауда үйі маңынан «Шымкент-Ташкент» бағытында халықаралық автобустар қатынайтын болды. Қосымша ақпарат үшін: 8747-109-87-76

* «Орталық саябақ» аумағында «Шымкент жастар лигасы» ойындарындағы шахмат бәсекесінің финалдық кезеңі өтті. Оған 130 команда қатысып, финалдық кезеңге әр ауданнан төрт, жалпы 16 команда жолдама алды.

* Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтіп, 15 мыңнан астам бүлдіршін биыл 1-сыныпқа жолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *