Әлеумет Қоғам Шымкент

«Арғымаққа» су келді

 

Шымкенттегі «Арғымақ» шағынаудан тұрғындарын ауызсу мәселесі толғандырып жүрген. Екі жүзден астам халқы бар шағын ауданның инфрақұрылымдық жүйелері өз кезегімен біртіндеп жүргізілуде. Десе де, мамандардың тірлігін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып тексеріп қайтты.

Қазір мұндағы тұрғындар мемлекеттік меншіктегі электр қуатымен толық қамтылған. Жауапты мамандар газ құбырын тарту жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталып қалады деп отыр. «Қазіргі сәтте ауыз сумен қамту  жұмысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Елді мекенде жалпы 80 жеке тұрғын үй бар. Нысанның қуаттылығы 405 үйге тіршілік нәрін жеткізуге қауқарлы. 2021 жылы басталған жоба барысында ұзындығы 6 800 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, тұрғын үйлерге қосу жұмысы жүргізілуде. Қалған бос жер телімдеріне су жүйесі тартылған, керек болғанда қосу мүмкіндігі бар», — дейді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, қалада тап қазір ауыз суға қатысты 7 нысанның құрылысы жүруде. Биыл жыл біткенше «Құрсай 1,2», «Асар-2», «Нұртас ВС», «Текесу» елді мекенінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 11 мыңнан астам халық ауыз суға қол жеткізеді деп күтілуде. Бұл шымкенттіктердің 99 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылады деген сөз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *