Әлеумет Басты жаңалықтар Шымкент

Кәріз тарту жұмыстары жанданды

   

Мегаполис атанғанына небәрі 4 жыл енді болған қаланың шет аймағындағы шағынаудандарда кәріз жүйесі жоғы жасырын емес. Осы кемшілікті жою мақсатында биыл нақты жобалар қолға алынған. Соның нәтижесінде қазір «Мирас» шағынауданындағы 980 үйді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүруде. Бұл шағын ауданда 1 мектеп пен 6 балабақша барын да ескеру қажет.

Тұрғындар электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Енді кәріз жүйесі іске қосылса болғаны. Жобаға сәйкес, ұзындығы 50,4 шақырым кәріз жүйесі салынып, ары қарай Шапағат-2 шағынауданына ұзартылады. Қазір құрылыс жұмыстарының 38 пайызы орындалған. Қолданысқа беру мерзімі осы жылдың қарашасына жоспарланып отыр. Құрылысты «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС жүргізуде. Оны техникалық жағынан «Тұранқұрылыс» мекемесі қадағалайды.

Жалпы, биыл Шымкенттің көшелері үлкен бір құрылыс алаңына айналғандай. Себебі, қалада қазір 14 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың тұрғын кәріз жүйесіне қосылады деген жоспар бар. Нәтижесінде орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 54 пайыздан 60 пайызға өседі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада елді мекендерді кәріз жүйесімен қамту барысын тексеру мақсатында Ұлағат шағынауданында да болды. Шағынаудан тұрғындары үшін ұзындығы 40,9 шақырым болатын кәріз жүйесінің құрылысы қарқынды жүруде. Бұл 2 248 абонентке лайықталған. Жұмыстың 40 пайызы бітіп отыр. Құрылысты «Алемстрой-1» мердігер мекемесі жүзеге асыруда.

Шағынаудандағы 53 көшенің 31-і асфальтталған. 2022-2025 жылдар аралығанда 11 көшені жарықтандыру жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *