Әлеумет Біле жүріңіз Оқшау ой Өмірдің өзі

Өкпешілдің өкпесі түсетіні рас па?

  • Оқшау ой

Бала күнімізде ата-әжелеріміз «Өкпелегіш жақсы әдет емес. Өкпешілдің өкпесі түседі» дегенді жиі айтатын. Көңіл бөлмеген осы бір сөздің астарында үлкен мән жатыр екен. Жақында өкпе рагінің басты себептерінің бірі реніш, өкпешілдік екенін оқыдым. Таң қалдым. Білмейді екенмін. Депрессияға түсуге де өкпе-реніш себепші болады екен ғой. Дәрігерлердің айтуынша ұдайы депрессияда, стресте жүретін адамда рак клеткалары өршіп, қатерлі ісікке ұрынады екен.

Қант диабеті қаупінің туындауына да басты себебі реніш деседі. Психосоматикалық аурулардың қатарына жататын бұл аурулардан айығу өте қиын. Ғылымда Психо дегеніміз — Жан. Сомастос — Тән деген мағына береді. Олай болса Жан мен Тәннің байланысынан ғана келетін дерттердің дені реніштен туындайды екен.

Осыдан барып жоғарыда айтқандай, аталарымыздың «өкпешілдің өкпесі түседі, өкпелемей жүріңдер» дегені рас екеніне сенбеске амалың жоқ. Ревмотоидті артриттің де басты себебі реніш дегенді айтады мамандар.

Әрине, мына өмірде ешкімге ренжімей, өкпелемей жүру мүмкін емес. Көңіліңді қалдырып, жабырқататын адамдар, сәттер болатыны анық. Десек те жүрекке жақын алмай, кез келген қиындықты жеңіл қабылдаған жөн бе деймін?! Ислам діні де бауырларымызға үш күннен артық ренжуге болмайтынын ескертеді. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?!

Балауса Ахметқызы,

Түркістан қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *