Әлеумет Басты жаңалықтар

Біздің дәрігерлер мықты

Күрделі екі отаны МӘМС есебінен жасады

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде екі гибридті ота жасалынды. Пациенттердің бірінде инфраренальды аорта мен мықын асты артериялардың анатомиялық күрделі аневризмасы дерті анықталған. Екінші пациентте кеуде аортасының төменгі бөлігінің қабықты аневризмасы. Ауруханаға дейінгі кезеңде пациенттерде кеуде және іш қуысының аневризмалық кеңеюі анықталынды, яғни адам ағзасындағы ең үлкен тамыры, бұл өмірге қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Мұндай жағдайларда хирургиялық араласудың мақсаты — аневризманың жарылуын немесе жыртылуын болдырмау. Аорта қабырғасын ішінен нығайту мүмкіндігі заманауи эндопротездеудің әдісі –стент-графт имплантациясымен қамтамасыз етіледі. Операция кезінде аорта бөлігінің зақымдану орны арнайы герметикалық материалмен «металл жақтаумен» жабылған, бұл шат аймағын кішкене кесу арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, аневризманы қан ағымынан шығарып, науқастың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Нұр-Сұлтан қаласынан маман рентген-эндоваскулярлық хирург Е.Мун, мен қан тамырлары хирургиясы және ренгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлері бірлесіп, бір пациентке аортография жасады. Қолқаның кеуде бөліміне стент – графтты имплантациялауы қойылды. Екінші науқасқа қолқаның іш қуысы бөліміне ота жасалынды. Операциядан кейін пациенттер бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

Мұндай жоғары технологиялық медициналық көмекке жататын және жалпы анестезияны қажет етпейтін операцияларды МӘМС аясында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі. Олар пациенттің минималды жарақаттануымен және операциядан кейін қысқа мерзімде оңалтуды қажет етуімен ерекшеленеді. Тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі А. Рыжковтың бағалауы бойынша біздің дәрігерлердің шеберлігі мақтауға тұрарлық (бүкіл процесс бірқалыпты өтті, ұжым үйлесімді жұмыс жасады). Дәрігерлердің жоғары біліктілігі мұндай операцияларды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *