* Өткен аптада Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанның қатысуымен «Қоғам бірлігі — Жаңа Қазақстанның негізі» тақырыбында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ІІІ сессиясы өтіп, онда ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.
* COVID-19 қарсы Шымкентте 10 853 азамат 4 мәрте екпе алған.
* Шымкентте қазірге дейін мыңнан астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыспен қамтылған, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 2098 жасты құрайды деп жоспарлануда.
* «Тау самалы» демалыс лагерінде Шымкенттің ерікті жастарының екі күндік слеті өтіп, оған қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қатысты.
* «Бозарық» шағынауданындағы қалалық ауыр атлетикадан олимпиадалық резерв дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің иелігіндегі бос жерге спорт мектебінің жаңа ғимараты салынып жатыр.
* Шымкенттің бас жоспарына халықтың өсу динамикасына байланысты ЛРТ және БРТ құрылысын жүргізу енгізіліп отыр.
* 2021-2022 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 11 189 оқушы мектеп бітірсе, оның 444-і «Алтын белгі» иегері атанды.
* Қайнарбұлақ тұрғын алабында «Мелиратор» ЖШС тарапынан ауыз су жүйелерінің құрылысы басталды.
* Шымкенттегі хайуанаттар бағына Алматыдан әкелінген Астана есімді керік биыл 12-ге толды. Ал, күшіктеген арыстанның 40 күндік қос аланы жазғы вольерге шығарылды.
* «Жастар праткикасы» бойынша 29 жастан аспаған, жұмыссыз ретінде тіркелген шымкенттіктер бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі бар. Мемлекет тарапынан оларға 91 890 теңге (30 АЕК) жалақы төленеді», — дейді Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Әсет Әсетұлы.