Uncategorized

Инвесторлар Қаратауға үйір

   

Шымқаладағы Қаратау ауданы кейін құрылған аудандардың бірі. «Шымкентагломерациясы» негізінде шаһарға іргелес аудандардың бірқатар ауылдары мегаполиске қосылып, соның есебінен жаңа аудан құрылғаны белгілі. Аз жылдың ішінде еңсесін тіктеген ауданда бүгінде жүзеге асып жатқан игі шаруалар көп. Содан да болар инвесторлар да осы ауданға көбірек келетін сияқты.

– Аудандар бойынша инвестицияның едәуір үлес салмағы Қаратау (44 пайыз немесе 57729,9 млн теңге) және Абай (19,8 пайыз немесе 25983,5 млн теңге) аудандарына тиесілі, — дейді Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті құрылыс және инвестиция статистикасы басқармасының бас маманы Алтынай Айтуғанова. Сала маманы 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Шымкент қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі, бағалау есебімен, 131 131,2 млн теңгені құрағанын айтады. Яғни, 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда129,2 пайызға артқан.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар екен. Бұл көрсеткіш – 48,9 пайыз, өнеркәсіп – 19,2, білім беру – 9,1, көлік және қойма саласы – 7,7 пайызды құраған. Биыл мамыр айына дейінгі аралықта ғимараттар салу және күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған инвестициялық салымдар 109 648,6 млн теңгеге жеткен. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл 46,7 пайызға артқанын көрсетіп отыр.

Сала мамандарының зерделеуінше технологиялық құрылым бойынша инвестициялық салымдардың 83,6 пайызы ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына тиесілі екен. Шағын кәсіпорындардың инвестициялық салымдарының көлемі жыл басынан бүгінге дейін 115 892,5 млн теңгеге жеткен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *