Шымкентте патрульдік полиция
полкінің қызметкерлері қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы
ережелерін бұзу жайттарының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Осылайша бір жеті
«Автобус» атты рейдтік іс-шара өтті. 7 күнде
автобус жүргізушілері тарапынан 700-ге жуық құқық бұзушылық орын алған.
«Атап айтқанда, жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзған – 21, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 26, рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген – 10, техникалық байқаудан өтпеген – 64, ұялы телефон пайдаланған – 136, маневр жасау қағидаларын бұзған – 52, қарсы жүріп өту қағидаларын бұзған – 3, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзған – 2, шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кеткен – 15, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салудың 1 дерегі бойынша хаттамалар толтырылды. Жергілікті Полиция басқармалары белгіленбеген жерден өткен 600-ден аса жүргізушіні анықтады», — делінген қалалық полиция басқармасының ресми мәліметінде.