Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Күн электр стансасы іске қосылады

        

Отырар аудандында күн электр стансасын салу жұмыстары қолға алынғаны белгілі. Стансаның пайдалануға берілуі отырарлықтарға ғана емес, көрші аудандарға да тигізер пайдасы көп. Сапалы жарықпен қамтылады, жұмыссыздық азаяды.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында күн электр стансаларын салуды бастаған мердігер «Cascade NRG» серіктестігінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысу және бақылау мақсатында партия тарапынан іссапар ұйымдастырылды. Іссапарға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Абай Құрман, Аумақтық даму мен мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңестің және Партиялық бақылау комиссиясының төрағалары мен мүшелері, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің инспекторы Қазыбек Әсеттілаев қатысты.

«Cascade NRG» серіктестігі жеке қаржы есебінен 5 гектар жер теліміне қуаттылығы тәулігіне 2 мВт болатын күн электр стансасын салып, іске қосуды жоспарлауда. Жоба құны 650 миллион теңге. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Ендігі жерде стансаны іске қосу үшін қажетті құжаттар рәсімделуде. Бұйртса, жаңа күн электр станциясы жыл соңына дейін толық іске қосылатын болады.

Нұрсұлтан Боранбайұлы,

«AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының кеңесшісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *