Әлеумет Қоғам

Жер телімі табылды

        Енді ойын алаңшасы салынбақ

«Қайтпас» шағынауданының тұғындары Қаратау ауданы әкімдігінен көптен бері балаларға арналған ойын алаңшасын салып беруді сұрап жүр. Алайда, халқы тығыз орналасқан шағынауданда бос жатқан жер телімі жоқ. Десек те тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асқан аудан әкімдігі тұйықтан шығар жолды тапқан сияқты.

«Қаратау ауданы әкімінің аппараты мен «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік жер кадастрының мамандарымен бірлесіп, Қайтпас шағын ауданында балаларға арналған ойын және ашық спорт алаңшасын салу мақсатында бос жер телімдеріне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді» деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Соның нәтижесінде ойын алаңшасын салатын жер табылды. Бос орын анықталды.

— Шағынаудандағы М.Оразалиев көшесінің бойынан бір бос жер телімі анықталып, Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына мемлекеттік акт алу бойынша комиссияға ұсынылды. Нәтижесінде комиссия оң қорытынды беріп отыр. Қазір арнайы Қаулы шығару үшін нысанды орналастыру жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, аталған бос жер телімін мемлекет теңгеріміне заңдастырылуына орай, ойын алаңшасын салу бойынша сметалық құжаттама әзірленді. Енді бюджетке өтінім ұсынылмақ, — дейді Қаратау аудандық әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Айнұр Қуатжанқызы.

Жалпы Қаратау ауданында жыл соңына дейін 41ойын алаңшасын, 10 спорт алаңшасын салу жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *