Әлеумет Басты жаңалықтар Қоғам Мәселе

Түркістанды көруге құмартатындар көп

Қайта түрленіп, түлеп жатқан бүгінгі Түркістан қаласы көпті қызықтырып отырғаны рас. Әсіресе, түркітілдес елдерден Түркістанға саяхат жасауға құмартқандар қатары күн санап артуда. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Түркістанды түркітілдес елдердің туризм астанасы ету керек» дейді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев. Бұл жоба жүзеге асса 2023 жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы әбден мүмкін.

– Түркістан – еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде бұл қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 жылы Түркістан қаласын түркітілдес елдердің туристік астанасы етіп жариялауды ұсынды. Биыл түркітілдес елдердің туристік астанасы – Баку, — дейді Ержан Еркінбаев.

Вице-министрдің айтуынша, биыл Түркістанға туристерді тарту мақсатында бірқатар ауқымды шаралар қолға алынған. Олардың форматы да әрқилы. Мәдени, туристік іс-шаралармен қатар, спорттық, ойын-сауыққа құрылған жобалар да бар. Бұл жобалар Түркістанға келгісі келетіндердің қатарын тағы да арттырады дейді мамандар. Киелі мекенді көрмекке асыққандар мәдени іс-шараларға да қатысып кетуді көздейтіні рас. Олай болса, Түркістанның төрінен табылғысы келетіндер тағы да көбейе түспек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *