Басты жаңалықтар

Алтынтөбеде пентин ұнтағы шығады

Пектин ұнтағын шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын Алтынтөбе елді мекенінде орналасқан. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын «Алан и Компания» ЖШС-ның жұмысымен қала әкімі М.Әйтенов арнайы барып танысты.

Өз жұмысын 4 жыл бұрын бастаған кәсіпорын 2020 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде кәсіпорын иелігіндегі 45 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен қарқынды бау егілген. Оның 39,5 гектарында алма, 2 гектарында шабдалы, 2 гектарында алмұрт және 1,5 гектарында жүзім өсіп тұр. Жеміс-көкөністі қайта өңдеу зауытының құрылысын толығымен аяқтап, осы жылы зауыттың жұмысы толығымен іске қосылды. Инвестиция көлемі 1 200 млн. теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы сағатына 7 тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап (джем), шырын сияқты дайын өнімдер шығарылуда. Сонымен бірге 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.

Қазақстанда пектин ұнтағын шығаратын ең алғашқы кәсіпорынға «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілді. Қала әкімі кәсіпорынның өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға атсалысу қажеттігін айтты. Сала мамандары бұл тапсырманы қойын дәптеріне түртіп алды. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *