Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Ауыз судан тапшылық болмайды

             

Бүгінгі таңда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Шымкентте бірнеше жоба қолға алынған. Соның негізінде қазір 8 нысанның құрылысы жүруде. «Бұл жұмыстар аяқталып, ауыз су құбыры пайдалануға берілген шақта, мегаполис тұрғындарының сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызды құрайтын болады», — дейді сала мамандары.

Ауыз судан азап көріп келе жатқан аумақтың бірі — Абай ауданы. Осы аудандағы шағынаудандарда, тұрғын алаптарда су тапшылығы әлі де бар. Десек те, бұл мәселенің түбегейлі шешілетін күні алыс емес. Оны аудан халқымен есепті кездесу барысында қала әкімі М.Әйтенов те атап өтті.

– Абай ауданындағы 34 елдімекеннің 10-ында 2020 жылға дейін ауыз су болмаған. Өткен екі жылдың ішінде магистралды құбыр мен 9 елдімекеннің ішкі желілері жүргізіліп, тұрғындарға ауыз су берілді. Қазір Құрсай елдімекенінде ішкі орамдық ауыз су құбырының құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін бұл проблема толық шешіледі деп жоспарлап отырмыз. Бұдан кейін Абай ауданында ауыз су мәселесі туындамайтын болады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жасыратыны жоқ, қала тұрғындарымен өтетін есепті кездесулерде әлі де болса коммуналдық қызмет түрлеріне қатысты мәселе бас көтеруде. Ол – ауыз су, табиғи газбен қамтылу, орталықтандырылған кәріз жүйесін тарту және жол салу. Сондықтан да қала әкімдігі алдағы атқарылатын жұмыстардың жобасын жасағанда инженерлік инфрақұрылымдар құрылысына басымдық беруде. Нақты жобалар жасалып, бірқатары қолға алынған. Жыл соңына дейін жүзеге асатыны да аз емес.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *