Әлеумет Басты жаңалықтар Құқық

Алаяқтардан сақ болыңыздар!

  • Дәйек сөз

Балмаржан НАРБЕКОВА, қалалық жұмыспен қамту басқармасының басшысы:

— Соңғы уақыттарда азаматтар тарапынан қайтарымсыз мемлекеттік грантты алып беру, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу бойынша алаяқтық фактілері жиіледі. Олай дейтініміз, азаматтардан жоғарыда көрсетілген мемлекеттік шараларға тарту мақсатында алаяқтар қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының атын жамылып, мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, нәтижесінде бірқатар қала тұрғындары алданып, жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, аудандық ішкі істер бөлімшелеріне арыздарын жазуда.

Осыған орай, қала тұрғындарын аталған іс-әрекеттерге бармауға, алаяқтықтарға алданбауға шақырамыз. Егер де сенімсіздік немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз құзырлы органға (1424 Адалдық алаңы) болмаса жұмыспен қамту басқармасына (27-74-31) шағымдансаңыздар болады!

Бұл мемлекеттік шаралар ақысыз және қолжетімді екендігін назарларыңызға салғымыз келеді!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *