Әлеумет Басты жаңалықтар

Бала тәрибесіне негіз болар рухани байлық

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Оқушының мәдени нормативі» республикалық мәдени-білім беру жобасын іске асыруда. Пилоттық жобаға Бәйдібек және Түлкібас аудандарынан 30 мыңнан астам оқушы қатысқан. Олар «Медиа мәдениеттің» әлемдік мәдениет жауһарларымен: бағыты бойынша мюзиклдерімен, кинокөрсетілімдерімен, концерттерімен, көрнекті орындаушыларымен, мұражайларымен, сурет галереясымен танысты. Сонымен бірге өңірімізде республикалық «Ұлағатты ұрпақ» мәдени білім беру жобасы іске асырылуда.

Облыстағы орта білім беру мекемелерінде оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытындағы жұмыстар жаңа форматта жүзеге асырылып, облыста енгізілген жаңа жобаларға барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері тартылатын болады. Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында балалар мен жасөспірімдерді рухани дамуға, адамгершілікке баули отырып тәрбие берудің маңыздылығы талқыланды. «Балалар жылын» облыс көлемінде жоғары деңгейде өткізу мақсатында «TURAN-BALAFEST» онкүндік фестивалі өткізіліп, оған облыс көлемінде 820 159 бала (балабақша жасындағы – 271 000, мектеп жасындағы – 510 968, колледжден – 37 991) қатысқан.

Айта кету керек, облыстағы барлық білім беру мекемелерінде өңірлік аналар, әкелер, ақсақалдар кеңестері құрылып, отбасы құндылықтарын дамыту, отбасылық өмірге кешенді тәрбиелеу, ұлттық тәрбие беру жұмыстары жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында 900 ардагерлер, 900 әкелер, 809 тәлімгерлер кеңесі жұмыс істейді. «Әкелер мектебі» 761 жалпы орта мектепте құрылған.

Фестиваль аясында «Шертпе күйдің шебері», «Балалар және театр», «Жас ақындар айтысы», «Шабандоз бала» жаяу көкпары, «Тұран арландары» қазақ күресі сайысы, облыс әкімінің кубогі үшін ұлдар және қыз балалар арасындағы былғары доп турнирі, «Интеллектуалды ұлт» мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы шахмат турнирі, «Армрестлинг», «Салауатты Тұран балалары» әлеуметтік жобасы, «Менің аулам» әлеуметтік жобасы, «Жасыл сақшы» және «Тұран скауттары» жаңа жобалары бастау алды. Аталған жобалар 2022-2023 жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық білім беру мекемелерінде нақты іске асырылатын болады.

Түркістан облысында «Балалар жылы» осындай ауқымды жобалармен өрнектеліп отыр.

«TURAN-BALAFEST» фестивалінің қорытындысы жыл сайын 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындыланып, үздік оқушылар марапатталады. Сонымен қатар облыс бойынша 919 ата-аналар комитеті жұмыс атқарады. Облыстың білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбиені нығайту, рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға тікелей ықпал ететін ата-аналармен белсенді, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 2022-2023 жаңа оқу жылынан бастап ата-аналар жиналыстары жаңа форматта ұйымдастырылатын болады. Жаңа формат – бала тәрбиесін ата-аналармен бірге жүргізуге үлкен мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *