Әлеумет Басты жаңалықтар

Балықтының жолы тақтайдай болмақ

Түлкібас ауданындағы Балықты ауылдық окургі тұрғыны көп, халқы тығыз орналасқан окургтердің бірі. Ынтымағы ұйысқан ауылда асфальт жабындысы төселмеген 12 шақырымды құрайтын 13 көше бар еді. Аудан әкімінің есепті жиынында тұрғындар осы көшелерге асфальт салып беруін сұранған. Міне, сол талап-тілек орындалып, «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында аталған көшенің бәрі де толығымен жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілмек. Нәтижесіне 5 мыңнан астам халқы бар округ орталығының ішкі көшелері көркейіп қалмақ. Атап айтқанда, Сыпатай батыр, Болашақ, Құрманғазы, Сейфулин, Нарботалұлы, Алан, Желтоқсан, Нұртаев, Бәйтерек, Нұршуақ, Рахым, Балықты, Наурыз көшелері жөнделеді.

Бұл жұмыстарды өз бақылауына алған аудан әкімі Нұрлан Байғұт өткен апта соңында көше құрылысына жауапты мамандармен бірге Балықтыға арнайы барып, асфальт жабындысы төселінген Құрманғазы, Болашақ, Алан көшелерінің сапасын тексерді. Көшені жаяу аралап, жол құрылысының біршама кемшілік тұстарын анықтап, ретке келтіру мақсатында жауапты мердігерге нақты тапсырмалар берді.

Бүгінгі таңда 13 көшенің 3-іне асфальт жабындысы төселсе, 4 көшенің астыңғы жабындысына тас төсеп, нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысы жұмыстары қараша айында толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *