Басты жаңалықтар Мәселе

Екі жасар бала құлап кетті

Шымкентте бүгін, тамыздың 3-і күні, түскі уақытта екі жасар бала 2 қабаттан құлап кеткен.

Бұл туралы Шымкен қ ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді. Яғни, бүгін сағат 14-00-де «103» қызметінен хабарлама келіп түсті: Қаратау ауданы, Тұран шағынауданы 359/3 үйдің (5 қабат) 2-қабатындағы терезеден 2020 жылы туған бала құлап кеткен. Бала қазір ауруханаға жатқызылды (жағдайы ауыр).
«Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.
Жыл басынан бері осы сияқты Шымкент қаласында 4 оқиға тіркелген. Барлық жағдайда балалар қараусыз қалған. Өткен жылы осы есепті мерзім ішінде мұндай 7 оқиға орын алған еді»,-дейді Шымкен қ ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *