Әлеумет Басты жаңалықтар

Тату елдің — түтіні түзу

Өткен апта соңында Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Медиация кеңесінің отырысы болды. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Э.Азимова, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА, республикалық медиация кеңесі мүшелері, Медиация орталықтарының басшылары, медиаторлар, сарапшылар қатысты.

Мемлекет басшысының этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау, этномедиация оқу орталығын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мәселелері талқыланған жиында қала әкімі М.Әйтенов сөз алып, қала тұрғындарының 30 пайызы этнос өкілдері екенін атап өтті.

– Қаламызда этнос өкілдері жинақы қоныстанған 23 тұрғын алапта орын алған кез келген оқиғаның этносаралық тұрғыда проблема тудыру ықтималдылығы жоғары. Сондықтан қоғам мүшелеріне құқықтық тәрбие мен заң талаптарын түсіндіру сынды жұмыстарды ширатуымыз керек. Осы бағытта биыл қалалық ассамблея жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың құрамына енген медиаторлар тұрғын алаптарда өткен кездесулерге қатысып, жұртшылық арасында түсіндіру жүргізді. Медиацияны мемлекеттік қызметтер бағытында ілгерілету мақсатында 9 басқармамен өзара ықпалдастық туралы меморандум түзді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде биыл этнос өкілдері арасында орын алған оқиғалардың 11-і медиация көмегімен реттелді, — деді қала басшысы.

Жиында сонымен қатар, ҚХА медиаторларының құқық қорғау қызметіне қатысу бағыттары, ұлтаралық жанжал жағдайлары кезіндегі медиация тәсілдері, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрмыстық негізде жасалған қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *