Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Төлемде өзгеріс бар

 2022 жылдың 4 шілдесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Сақтандыру мәртебесін алу үшін алдағы 12 айға да төлем жасауға болады. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.

Қор жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік кіріс басқармаларымен, «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі мекемелермен бірлесіп сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Елімізде медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы іске қосылған  МӘМС-ке төлем жасау барлығы үшін міндетті. Айта кетерлігі, бұрын сақтандыру мәртебесін және МӘМС тізбесінен медициналық көмекті алу үшін пациенттің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және мәртебесін жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды үзбей төлеуі міндеттелген еді. Жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуді қаламайды. Осыған байланысты МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді. Ол сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға болады. ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына шілде айында толықтырулар мен өзгерістер бекітілді. Ол қыркүйек айының басында күшіне енеді. Азаматтар алдын ала жарналарды төлеп, жыл бойы МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті алады. Берешегі жоқ дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын ай сайын төлеу құқығы сақталады. Биылғы жылы дербес төлеушілер ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің 5 пайызы көлемінде 3 000 теңге жарна төлейді, – дейді филиал директоры.

Жалпы, МӘМС жүйесіне қатысуға қатысты ақпаратты науқас  тіркелген емханасындағы пациенттерді қолдау қызметінен, Қордың fms.kz  ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot және egov.kz порталынан жеке  кабинетке кіріп білуге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *