Әлеумет Басты жаңалықтар

НАУҚАСҚА МИНИ-ПЕРКУТАНДЫҚ НЕФРОЛИТОТРИПСИЯ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысындағы облыстық клиникалық ауруханасында бүйрек тастарын алудың кең тараған әдістерінің бірі мини-перкутандық нефролитотрипсия кеңінен енгізілген. Бұл лазердің тікелей әсерінен тасты жоюға бағытталған аз инвазивті операция. Әдіс үлкен және маржан тәрізді бүйрек тастарын алуда септігін тигізді. Эндоскопиялық тасты алу әдістерімен қатар бүйректен және несепағарлардан лапароскопиялық тас алу да қолданылады.
Сарыағаштан келген науқасқа дәрігерлік консультация беріліп, сол бүйректің маржан тасы диагнозымен урология бөліміне жоспарлы түрде қабылданды. Сондай-ақ, науқастың оң жақ несепағар жолында уретерогидронефроз бар еді. Оған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде хирургиялық емдеу жолының заманауи аз инвазивті әдістерін қолдану арқылы бірегей ота жасалды. Дер кезінде емделмеген жағдайда науқас екі жақты бүйрек зақымданып, мүгедектік болып қалуы мүмкін еді.
Бірінші кезеңде зәр шығаруды қалпына келтіру мақсатында оң жақ несепағардың төменгі 1/3 бөлігіне лапароскопиялық уретеролитотомия жасалды. Тесіктер арқылы эндоскопты және ультрадыбыстық лигаторды пайдаланып уақытша оң жақ бүйрекке стент катетерін орнату арқылы көлемі шамамен 3 см болатын тас алынды. Оң жақтағы стент катетерін алып тастағаннан соң 6 аптадан кейін науқасқа «гольмиум лазерінің» көмегімен сол жақ бүйректің бүкіл тостағанша-табақша жүйесін толтырған үлкен тасқа мини-перкутандық нефролитотрипсия жасалды. Науқас келесі күні өз-өзіне күтім жасай алатындай болып, 5 күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.
Мини-перкутандық нефролитотрипсия және лапароскопиялық операциялардың тиімділігі 95% құрайд. Сонымен қатар, бүйрек пен абдоминальды жүйе аз жарақаттанады. Асқынулардың ықтималдығы өте аз. Операциядан кейін науқасты тұрғылықты жері бойынша емханада тәжірибелі дәрігер бақылайды.
Айта кетерлігі, аурухананың урология бөлімінде тастың химиялық құрамын анықтау, урокиназалық белсенділігін, несептегі кристалдардың түзілу жылдамдығын нақтылау және қайта түзілудің профилактикасы үшін литолитиктерді таңдау әдісі енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *