Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Бір сөзбен айтсақ…

* Қазыбек би көшесінің Ордабасы алаңынан Тәуке хан даңғылына дейінгі аралыққа жол сызықтары сызылды.

* Шымкент қаласында жыл басынан бері 265 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылды.

* Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда, Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төселді.

* Орташа жөндеу жұмыстары бойынша қалада бүгінге дейін 91 нысан — 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.

* Өнеркәсіп өнім көлемі Шымкентте 507,5 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр.

* Шымкентте инвестиция көлемі 219,1 млрд теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның 52,6 млрд теңгесі мемлекеттік бюджеттен, 166,5 млрд.теңге жеке көздерден.

* Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 371,8 мың шаршы метр немесе 115 пайыз болды.

* Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд теңге болып, нақты көлем индексі 9,8 пайызға артты.

* Байланыс қызметі 4,8 млрд теңгені немесе 104,7 пайызды құрады.

* Абай ауданы Ақжар шағынауданындағы 1,8 шақырымды құрайтын Мұратбаев көшесіне және Мұратбаев көшесінің тұйығы № 1,2,3 көшелеріне асфальт бетоннан екінші қабаты төселуде.

* Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана хирургтары екі күнде 100 баланы тегін сүндеттеді.

* Шымкенттегі «Чучмак» және «Көк» каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары кешіктірген мекемелерге 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі кезде құрылыстың 80 пайызы бітті.

* «Шапырашты», «Сай ниже водопада» каналдарының да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда, мұнда істің 20 пайызы атқарылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *