Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Бір сөзбен айтсақ…

 

* Бәйдібек би даңғылының бір бағыты тамыздың 31-інен бастап ашылды. Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған.

* Еңбекші ауданына қарасты Текесу елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарына сай ұзындығы 13,8 шақырымдық су құбырының бүгінде 12 шақырымы орнатылды. Пайдалануға берілгенде 200 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

* Ақжайық шағын ауданының Көкиірім көшесі тұрғындардың өтініші бойынша жөнделіп жатыр. Қазірге дейін асфальтбетон қабатының бірінші қабатын төсеу жұмыстары толығымен аяқталды.

* Мемлекет басшысының елімізде 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу міндеттемесіне сәйкес, Шымкент қаласында 101 мектептің құрылысын жүргізу қарастырылып, 51 білім ұясы пайдалануға берілді.

* Әл-Фараби ауданы тұрғындарының 98 пайызы ауыз сумен қамтылған.

* Жыл соңына дейін «Самал-3», «Мирас», «Шапағат-2», «Ұлағат», «Солтүстік шығыс», «Жұлдыз» елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.

* Жыл соңына дейін Арғынбеков коллекторы, Тұран ішкі магистралы, Достық КНС (қайта құру), «Бозарық» шағын ауданының магистралды кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады.

* Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтері аяғының қан тамыры кесілген 5 жастағы балаға тың әдіспен күрделі ота жасап, бүлдіршінді аман алып қалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *