Әлеумет Біле жүріңіз

Әл-Фараби ауданында әлеуметтік мәселе азайды

Бүгінгі тұрмыста итнернеттің аса қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Ал оның жылдамдық мәселесі көпті толғандырып-ақ жүрген-ді. Былтыр Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы тұрғындарын мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 90 пайызды құраған. Биыл қалған бөлігін де қамтып, сапалы интернет жұмысын қалыптастыруға күш салынуда. Бұл мақсатта базалық станциялар орнатылып, нәтижесінде  қаланың 195, 275, 276 орам тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізетін болады.

Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаевтың айтуынша, алдымен 2021 жылы шалғай орналасқан, 2610 үйлі «Сәуле» шағынауданына талшықты оптика желісі орнатылған. Биыл жоғарыда аталған орам тұрғындарына осы желі тартылмақ. Айта кету керек, ауданда тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселесін шешуде ілгерілеу бар. Биыл аудан тұрғындары ауыз су, табиғи газ, сапалы электр желісімен 100 пайыз қамтылады деп күтілуде.

Әл-Фараби ауданында 207 мың тұрғын бар. Аудандағы 15 елді мекен ауыз сумен қамтылған. Тек Текесу тұрғын алабында ғана суға байланысты мәселе болып тұр. Оның өзі биыл жыл соңына дейін толық шешіледі деп күтілуде. Себебі, қазір мұнда су құбырын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

Ауданды сапалы электр желісімен қамту көрсеткіші де 100 пайыз деуге болады. Ал, «Сәуле» шағынауданына қарасты 276 орамда басталған құрылыс жұмыстары аяқталуға таяп қалды.

Тұрғындардың табиғи газбен қамтылу көрсеткіші әл-Фараби ауданында 99,5 пайыз. Қазіргі таңда «Ақтас-2» және «Сәуле» шағын ауданы 276 орамда газ құбырын тарту жұмыстары жүруде. Жыл соңында пайдалануға берілсе бұл көрсеткіш те 100 пайыздық межені көрсететін болады. Ендігі күшті кәріз жүйесімен қамтуға бағыттау керек сияқты. Аудан тұрғындарының орталық кәріз жүйесін пайдалану көрсеткішін 87 пайызға жеткізу үшін бүгінгі таңда Шолохов және Хлопзавод көшелерінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы «Түркістан» және «Ақжайық» шағынаудандарында құрылыс басталып, Химфарм зауыты аймағындағы тұрғындар үшін кәріз жүйесін тарту бойынша жобалық сметалық құжат әзірленбек.

Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылған. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында былтыр 22 көше жарықтандырылған болса, бұл жылы 17 көше жоспарда тұр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *