Әлеумет Басты жаңалықтар Қоғам

Жастарды қолдау жаңдана түспек

Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселесі Мемлекет басшысының кешегі Жолдауында да айтылды. Соның ішінде кәсіп ашып, нәсібімді өзім теріп жеймін деген жастарды қолдау қажет. Бұл орайда қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы нақты жұмыс жоспарын түзген. Басқарма басшысы М.Шотановтың мәлімдеуінше, Шымкентте 245 мыңнан аса жас бар. Оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсетілген.

 Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс істейді. «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылыпты.

– Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап, 15 мыңнан астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996-сы жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған, — дейді басқарма басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *