Әлеумет Басты жаңалықтар Қоғам

Шымкентте «өрт»сөндірілді: қорытындысы қанай?

Жасыратыны жоқ, өткен апталарда еліміздің бірнеше өңірінде өрт шығып, әбігерге салғаны аян. Әсіресе, елді мекен, базарлардың өртенгені қоғамды алаңдатып-ақ тастады. Осыған орай Шымкентте адамдар көптеп жиналатын  нысандарда өрт орын алған жағдайда іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында қалалық  Төтенше жағдайлар департаментінің  Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Негізгі нысан – Шымкент қаласы Абай ауданы Темірлан тас жолы №26/3 мекенжайда орналасқан «Шымкент-Тұлпар» ЖШС аумағы болды.

15 қыркүйек  күні сағат 16. 00-де шартты түрде осы аумақтан «өрт шықты».

«Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға 14  бірлік  өрт сөндіру автокөлігі, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің офицерлік және жеке құрамы және  апаттар медициналық орталығының қызметкерлері  жұмылдырылды. Бірлесіп әрекеттесу нұсқаулығы бойынша  жол-патрульдік полициясының  қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар,  тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінен су шаруашылығы, тоқ жүйелерін қамтамасыз ету қызметі, жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды» деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қоғаммен байланыс тобы.



Жаттығудың тактикалық тұрғысынан 2-ші қатарда орналасқан бутиктерде электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан өрт орын алады.

№2 шақырту бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу орнына шығу кестесіне сәйкес Шымкент қаласы гарнизонының күштер мен құралдары жөнелтілді.  Полиция қызметкерлері сауда орталығының аумағындағы  жол қозғалыстарын   және ғимаратқа  кіріп,  шығу тәртібін ретке келтіріп, өрт сөндіру техникаларының аталған ғимараттардың аумағына кедергісіз кіруін қамтамасыз етті, ал тоқ жүйелерін қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері аталған ғимараттың тоқпен қамтамасыз етілген жүйелерін  өшіру жұмыстарын атқарды. Өрт-тактикалық жаттығу орнына келген күштер мен құралдар  өрттің таралуына жол бермеді, өртті сөндіру бойынша іс-шаралары жүргізілді. Шартты өрттің жалпы ауданы 100 м2 құрады.

Айта ктеу керек, соңғы 5 жылда Шымкент қаласы аумағындағы жалпы 6 базарда өрт болмаған.

Иә, 2021 жылы  «Орталық Қырғы» базарда, «Шымкент-Тұлпар» ЖШС қарасты  автобөлшектер  базарында, «Сайдығани» ЖШС қарасты  базарда,  «Альянс» ЖШС қарасты базарда  өрт болды. Дер кезінде ауыздықталды.

2018 жылы өртке оранған «Алаш» базары да сабақ болғаны рас.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *