Әлеумет Басты жаңалықтар Өмірдің өзі

Шымкентте үш жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 23 қыркүйекте сағат 21-30-да жедел медициналық көмек қызметінен үшінші қабаттағы терезеден бала құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Әлімқұлов көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі үйде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2019 жылы туылған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, 3-қабаттан құлап кеткен. «Сол қол сүйегінің сынуы» диагнозы қойылған кішкентай қыз балалар ауруханасына түсті, дәрігерлер тексергеннен кейін сол күні амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді (жағдайы орташа).

Оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы Полиция департаменті анықтайды.
Жыл басынан бері бұл жетінші оқиға, барлық жағдайда балалар жарақат алды.
Шымкент қаласы ТЖ департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *