Басты жаңалықтар Қоғам

Конгресс-холл салынып жатыр

«Шымкент Сити» шағынауданы аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың  құрылысы қарқынды жүруде.

Қазығы былтыр қағылған ғимараттың құрылысы мамандардың айтуынша заман талабына сай жүргізілуде. Жалпы аумағы 5,240 га жерді алып жатқан құрылыс ауданы – 16 166,65 м2. Жұмыс барысын арнайы барып көрген қала әкімі М.Әйтенов құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне басты назарды сапаға беру керектігін ескертті.

Конгресс-холл болашақта жергілікті және республикалық маңызы бар қоғамдық іс-шараларды, конференцияларды, фестивальдер мен концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ.

Үш қабаттан тұратын ғимаратта 5 блок болады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орынды конференц залы, 80 орынды салтанат залы, 40 орынды пресс кабинет, асхана және көліктерге жер асты тұрағы қарастылырған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *