Басты жаңалықтар Қоғам

Ең биік үй– Capital City болмақ

12-25 қабаттан тұратын ең биік үй «Capital City» 20 блоктан тұрады. Бұл үшінші мегаполистегі ең биік тұрғын үй кешені болмақ. Ол «Шымкент сити» шағынауданынан бой көтереді. Ең биік тұрғын үйге 5 га жер бөлінген.

Қала әкімі М.Әйтенов кешегі аптада тұрғын үйдің құрылысымен танысу үшін арнайы барды. Мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелерді шешуде жанжақты қолдау болатынын жеткізді.

Бұл үйді жеке инвестор ретінде «CapitalInvestConstruction» ЖШС салып жатыр. Өз қаржысына. Тұрғын үй 120 мың шаршы метрді құрайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанның 1, 2, 3 блоктардағы 4, 5 қабаттың және 6 блоктағы 10 қабаттың қабырғалары салынып бітті. Енді инженерлік желілер тартылып, бөлме аралық қабырғалары қаланады. Тұрғын үй аумағындағы 1,5 га алаң абаттандырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *