Әлеумет Басты жаңалықтар Қоғам

Еңбекшіде ел айта жүрер тірлік көп

Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумағында орналасқан Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа сияқты елді мекендерге электер желісі тартылып жатыр. Бұл 1700 ден аса абонент сапалы электр қуатымен қамтылады деген сөз.

Жалпы ауданда соңғы жылдары бірқатар қордаланған мәселе өз кезегімен шешімін табуда. Мысалы, Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылысы бітуге таяу. Көпіржеке инвестор есебінен салынуда. Жаңа көпір жол кептелісімен жүктемесін азайтуға септігін тигізетін көпірдің ұзындығы 18 м, ал ені 5 м.

Осындағы қалалық №12 аурухана мен Қаратау ауданына қарасты орталық аурухана арасын байланыстаратын жол қалыпқа келетін болды деген халықтың қуанышы зор. Себебі Сайрам-су өзені үстінен өтетін бұл көпір бастапқыда аспалы ағаш көпір ретінде 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін аспалы темір көпір салып алған. Одан бері де талай рет ретке келтіріпі, күтіп ұстап келгенімен, ескінің аты ескі. Тозығы жетті.

Айта кету керек, еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биылдың ІІ кезеңінде көпқабатты 73 және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылды. Оның ішінде «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Ю.Сареми көшесінде орналасқан көпқабатты 7 үйдің ауласы да бар.

Аудандағы осы және тағы басқа инфрақұрылымдық жұмыстардың барысымен қала әкімі Мұрат Әйтенов кешегі аптада арнайы барып танысып қайтты.

Қазіргі таңда электр қуатымен қамту жұмыстардың аудан аумағында  90 пайызы атқарылған. Қыркүйек айының соңында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілмек.

Ал, ауыз су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары 11 пайызға орындалған. Нысан 2023 жылы аяқталмақ. Аталған елді мекендерді табиғи газбен қамту  бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Қала басшысы абоненттеу жұмыстары барысында тұрғындардың жұмыла әрекет жасау керектігін атап өтіп, сала басшыларына бұл істі тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *