Әлеумет Біле жүріңіз Құқық

Бәрі де тексерілуде


Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қала әкімі М.Әйтенов комиссия отырысында өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйін бақылауға алуды тиісті сала мамандарына тапсырған болатын.  Осы тапсырманың негізінде «Су ресурстары маркетингі» ЖШС мен Су құбыры және канализация басқармасы көшелерде жарамсыз өрт гидранттарын қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Себебі жазатайм өрт шыға қалса жалынды сөндіруде арнайы техникамен қатар су гидранттары да аса қажет екені айтпаса түсінікті.

Өрт сөндіру гидранттары үшін қалалық су арнасынан арнайы нысандар бөлініп, өрт сөндіру көліктері жалғанатын бұрандалар қойылған. Былайғы кезде беті жабулы тұратын бұл гидранттар сол маңда өрт шыққан жағдайда арнайы техникамен су сорып алуына мүмкіндік береді.

Қала басшысының тапсырмасын орындау бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының ұйымдастыруымен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында қала әкімдігі тарапынан 2013 жылы орнатылған 23 өртке қарсы пирстердің қазіргі ахуалы талқыланып, кемшіліктерді жою бойынша шешім қабылданды. Сонымен бірге олардың жарамдылығы қатаң тексеріліп, жауапты мекемелерге ұсыныстар жолданды.

Жалпы Шымкент қаласының аумағында барлығы 4 913 өрт гидранттары есепке алынды. Оның ішінде көшелерде 4 011, объект аумағында 902 өрт гидранты орналасқан. Барлығы тексеріліп, жарамдылығы бақылуаға алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *