Әлеумет Біле жүріңіз Шымкент

Спортқа деген қызығушылық артуда

Шымкентте көпқабатты үй аулаларына ойын алаңшаларын саларда оның әсіресе спорттық құрал-жабдықтармен қамтылуына баса назар аударылуда. Балаларға қолайлы орта және қолжетімді спорт мүмкіндігін қалыптастырудың нәтижесінде қалада соңғы екі жылда 507 ойын және 171 спорт алаңшалары бой көтерген.

Қала басшысы М.Әйтенов әл-Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесінде орналасқан көп қабатты үй аулаларына орнатылып жатқан жаттығу элементтері мен ойын алаңдарын көріп, халықпен кездесу барысында тұрғындарға бұқаралық спортпен айналысуға көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті.

Ол үшін қалада барлық жағдай біртіндеп жасалып келеді. Әр аулада ойын және спорт алаңшасы бар. Жоғына жаңасын салып қана қоймай, ескісінің бүлінген жерін қайта жөндеу жұмыстары да жандана түскен.

Мысалы, әл-Фараби алаңы №1А, Түркістан көшесі №2/3, 2/7 көп қабатты үй ауласындағы спорт алаңшасы қайта жөңделді. Аулаларда түрлі жастағы балаларға лайықты ойын элементтерімен қоса шағын футбол алаңшасы да ашылады.

Айтпақшы, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде орнатылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *