Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Арғынбеков көшесі ашылады

Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында жолайрық салынып жатқаны белгілі. Құрылыс жұмыстарына байланысты көлік қозғалысында уақытша қиындықтар туындап жатқаны жасырын емес. Тұрғындар тарапынан жолды ертерек бітірсе деген өтініштер аз емес. «Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, жоспар бойынша қараша айының 30-нан бастап Арғынбеков көшесі көлік қозғалысына ашылатын болады» дейді құрылысшылар.

Жоба бойынша үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында жүреді. Бұл көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес қолға алынған жоба. Жолайырық көпір қолданысқа берілген кезде аталған көше бойында кептеліс болмайды деген сенім бар. Десек те жол құрылысы қаншалықты кестеге сай жүріп жатыр? Сапасы қандай? Осы сұрақтарға жауап іздеген қала әкімі кешегі аптада нысанды аралап, құрылысшылармен кездесті.

Жолайрықтың техникалық сипаттамасына сәйкес, Бәйдібек би даңғылында 700 м, Арғынбеков көшесінде 921 м. көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлік төрт-алты жолақты автомагистраль, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол салынады.

Қазіргі уақытта Арғынбеков көшесі бойында тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары жүруде. Ал Бәйдібек би даңғылында көпір өткелінің конструкциялары орнатылуда.

Жолайрықтың Бәйдібек би даңғылы бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған еді. Тамыздың 31 күні тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, көлік кептелісін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша қайта ашылған-ды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *