Әлеумет Қоғам Құқық

Республика күні жоғары деңгейде тойланды


Ұлттық мереке – Республика күні Шымкентте «Көрме» орталығында қала әкімі М. Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау орган басшылары мен қызметкерлері, сот, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен салтанатты жағдайда аталып өтті.

25 қазан – 1990 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған күн. Бастапқыда тойланып, кейінгі жылдары мерекелік күнтізбеден қалыс қалған бұл мейрам араға 13 жыл салып ортамызға қайта келіп отыр.

– Шымкент қаласының республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізді. Үшінші мегаполиске соңғы 5 жылда 1,8 триллион, ал биылғы жылдың 9 айында 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 530 миллиардқа жеткізуді жоспарлаудамыз, ол үшін нақты қадамдар жасалған, — деді қала әкімі М.Әйтенов мерекелік өз құттықтауында.

Соңғы жылдары Шымкентте ауыз сумен қамтуда 32, электрмен қамтуда 28, газбен қамтуда 21 нысан құрылысы жүргізілген. Нәтижесінде ауыз сумен қамту 93 пайыздан 98 пайызға, электрмен қамту 91-ден 97 пайызға, табиғи газ жеткізу 92-ден 93 пайызға өскен. Инженерлік инфрақұрылым мәселесінің бір бөлігі 2023 жылы, ал 2025 жылы барлығы толық шешіледі деп күтілуде.

Мерекелік салтанатта Шымкенттің дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, тер төккен азаматтардың бірқатарына мемлекеттік марапаттаулар табыс етілді. Салтанатты жиын елге танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *