Әлеумет Біле жүріңіз Қоғам Құқық Мәселе Шымкент

Медиатор мамандығы енгізілмек

  

Отбасы мәдениеті дегеніміз не? «Ол ең алдымен ерлі-зайыптының бір-бірін құрметтеуінен басталады», — дейді Шымкентте өткен «Отбасылық сот. Даму перспективалары мен проблемалары» атты дөңгелек үстелге жиналғандар. Отбасылық даулар мен медиация мәселелері талқыға түскен семинар-тренингте Шымкент қалалық сотының алқа төрағасы мен аудандық және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың төрағалары, татуластырушы судьялар, «Право» қоғамдық қорының директоры, Шымкент қаласының Білім беру, Еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен Отбасылық даму ұйымдарының басшылары да бой көрсетті. Сонымен қатар, адвокаттар мен медиаторлар, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің де қатысқаны бұл жиынның ауқымды мәселені талқыға салғанын аңғартса керек-ті.

Мәжілісті қалалық соттың алқа төрағасы М.Парменов ашты. Абай аудандық сотының татуластырушы судьясы Л.Ауелбекова, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрағасы Д.Сайханов, «Право» қоғамдық қорының директоры О.Рыль баяндама жасап, бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған мәселелерді ортаға салды. Олардың айтуынша, қазір елімізде отбасылық дауларды қарайтын арнайы дербес соттың құрылмағаны, пилоттық жобалар ғана бар екендігі іске көп кедергі келтіруде. Жиынға қатысушылар тарапынан қазіргі қоғамның отбасылық мәдениеті төмен жағдайда екендігі, әсіресе, кейбір ерлі-зайыптылардың бір-бірін құрметтемеуі, өзара эмоционалды байланыс пен жанашырлықтың және отбасыдағы түсіністіктің кемшін болуының себеп-салдары болашақта отбасылық сот құрудың қажеттігін сездіріп жатқаны айтылды.

Мәжілісте Шымкент қаласының Білім беру басқармасының басшысы Ж.Тажиева, Адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймұратов және кәсіби медиатор Д.Кенжеқұлова өз салаларындағы маңызды мәселелерді қозғап, келешекте отбасылық соттың даму перспективасы мен проблемалары төңірегіндегі ойларын ортаға салды. Ал, «Отбасылық даулар. Медиация мәселелері» атты семинар-тренингте Халықаралық медиация институтының директоры, медиатор-практик Ж.Өсіпбекованың бөлісер тәжірибесі мол екені байқалды. Ол отбасылық даулар мен медиация мәселелері бойынша тренинг өткізудің өзекті болып отырғанын тілге тиек етіп, медиация саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткізді. Соның ішінде жаңа жылдан бастап заңға мемлекеттік медиатор мамандығының енгізілетіні медиаторларды қатты қызықтырды, әрі қуантты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *