Әлеумет Басты жаңалықтар Құқық Шымкент

«Заң керуені» тұрғындарға кеңес беруде


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде «Заң керуені» республикалық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты — халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.

Осындай келелі кездесу Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Абдулабад,  Базарқақпа,  Бадам-1, Тұрдыабад және Шаңырақ ауылдарының тұрғындарымен өтті. Кездесуде тұрғындар заңгерлерден мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік көмектерді, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу туралы заң талаптарымен танысып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Мұрағаттық анықтамаларды беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы жайлы да сұрап білді. Көшпелі топтың құрамында прокуратура, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы билік өкілдері және мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының өкілдері бар.

Дәл осындай кездесу 3-қараша күні Тоғыс, Маятас, Елтай, Жыланбұзған және Айнатас елді мекені тұрғындары үшін өтеді. Ал, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Бадам-2 және Бадам елді мекені тұрғындарымен заңгерлер Қаратөбе ауылында ертең (қарашаның 4-і күні) кездесетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *