Әлеумет Біле жүріңіз

48 АЗАМАТ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаты бойынша 48 азаматтың өтінімі мақұлданған. Оның ішінде толық емес және көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер де бар.

Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралды. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, көпбалалы, толық емес отбасылар, сондай ақ Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *